Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 2023 - 2024 оқу жылының 04 - 15.12.2023ж күндері аралығында "Ұлы тарих - кемел келешекке жетелейді" тақырыбында тарих - география бірлестігінің онкүндік декадасы болып өтті. Декаданың ашылуын салтанатты түрде мектеп директоры Е. Ақбердиев ашып, әріптестерімен оқушыларға сәттілік тіледі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтілген іс-шарамыз, мектеп ұжымына, оқушыларға, сырттан келуші қонақтарға керемет атмосфера сыйлады. Мектеп ғимаратына кіре берісте заманауи үлгідегі безендірулер көздің жауын алады. Қабырғаға ілінген газет, суреттерге көз жүгіртіп, өткен тарихымызды еске салып, Тәуелсіздігімізді бағалау керек екенін ұғынасың. Пән мұғалімдері өздерінің асқан шеберлігін барынша пайдаланып, оқушыларға жоғары деңгейде сабақтарын өтті. 8 "Ә" сыныбына Н. Қосаева "Өзен аңғарының құрылысымен гидрологиялық режимі", 6 "Б" сыныбына М. Тәттібеков "Ұлы Жібек жолы", 10 "Ә" сыныбына А.Эстемесова "Ғаламдық экологиялық проблемалар", 6 "В" сыныбына Г.Еркинова "Великий Шёлковый Путь", 6"Ә" сыныбына А. Рахманова "Түріктердің материалдық-рухани мәдениеті", 10"Ә" сыныбында А.Сайманова "Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктеуінің ерекшеліктері", 7 "Ә" сыныбына Д.Қаныбекова "К. Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі" тақырыбында ашық сабақтарын өтті. Сабақ өту барысында жетістікке жетелейтін жеті модуль, оның ішінде АКТ - ы пайдалану, көшбасшылық қабілетіне жетелеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету сынды элементтерін пайдаланды. Заман талабына сай сенсорлық тақтадан білім ленд тапсырмасын орындап, ютуб каналынан тақырыпқа сай видео роликтер көрсетілді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы әрбір сабақты қазіргі өмірмен байланыстыра отырып баяндағанын, алған білімін кез - келген жерде пайдалана алатын тұлға қалыптасатынын, өзін - өзі бағалау, өзара бағалау арқылы дәлелдеп отырды. Сонымен қатар, сыныптан тыс іс - шаралар жалғасын тапты. Атап айтар болсақ, ұстаздар арасында "Бауырсақ пати" өткіздік. Мұндағы мақсатымыз, тарихқа қатысты түрлі сұрақтардың жауабын ұстаздарға жасырып, жауабын айтқан ұстазға қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ пен сусыны қымыран ұсындық. Мектеп басшысы Е.Ақбердиев өзі бастап жасырылған сұрақтың біреуін алып, сұраққа жауап берді. Тартысты әрі қызықты өткен бұл шара жалпы ұстаздарға сергіту сәті секілді болды. С. Пірімжаров 6 "Ә" сыныбымен "Тәуелсіз Қазақстан" атты тәрбие сабағын өткізді. 6 сынып оқушыларының арасында "тарихи толағай" спорттық жарыс, "Менің кіші Отаным" макет жасау сынды керемет шаралар өткізілді.
15 желтоқсан күні апталықтың жабылу салтанатында мектеп оқушыларының тарихи қойылымымен қатар, тарих-география пән мұғалімдерінің “Қазақтың баласымын” атты әнімен толыға түсті.