Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025жылдың 7-қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Ұлттық теңге – Тәуелсіздік нышаны” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихын таныстырып, оның ел тәуелсіздігіндегі маңызын түсіндіру, қаржылық сауаттылыққа баулу.
Дөңгелек үстелге 9-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар теңгенің шығу тарихы туралы мәліметтермен танысып, пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы талқылау, сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенділік танытып, тарихи және танымдық мәліметтермен өз білімдерін толықтырды.
Педагог ұйымдастырушы З. Тилеубердиева
Тәлімгер Ә. Махмут