Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі
4 “А” сынып жетекшісі: Г. Жуманазарова
25.11.2025
Пән: Математика айналамда
Тақырып: Ас үйдегі математика
Бүгінгі сабақта оқушылар ас үйде қолданылатын өлшем бірліктерімен танысып, оларды күнделікті өмірде қолдану арқылы есеп шығару дағдыларын дамытты.
Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында «Ханталапай» ұлттық ойыны ойнатылып, масса, көлем және ұзындық өлшем бірліктері пысықталды. Оқушылар қызығушылықпен қатысып, білімдерін бекітті.
Оқушылар:
– масса, көлем, ұзындық және уақытты өлшеуді;
– тұрмыстық жағдайға байланысты есептер шешуді;
– топпен жұмыс істеу, өзара құрмет пен ынтымақтастық дағдыларын меңгерді.
Практикалық жұмыста «Бауырсақ пісіру үшін масса есептеу» тапсырмасын орындап, нақты өлшемдермен жұмыс жасады.
Өте мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары сабақ деп бағаланды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді!