Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 4-сынып оқушыларымен «Әлем мамандықтары – біздің болашағымыз» тақырыбында танымдық сынып сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі Г.Жуманазарова ұйымдастырған бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен қатар өз болашағын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
Танымдық сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, әртүрлі мамандық иелерінің еңбегіне қызығушылық білдіріп, болашақта кім болғысы келетіндері жөнінде ой бөлісті.
Осындай тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар жас ұрпақтың арманын ұштап, еңбекқор, мақсаткер тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.