Түркістан облысы Шардара ауданы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 19 ақпан күні 16 кәсіптік колледж мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс - шараның негізгі мақсаты - 2025 - 2026 оқу жылына талапкерлерді оқуға шақыру мақсатында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу және 9 сынып оқушыларына кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
Кездесуді колледж мамандары жүргізді. Колледж өкілдері әртүрлі мамандықтар бойынша оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары мен оқу орнын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу перспективалары жайлы жан - жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында аспазшы, тігінші, IT, дәнекерлеуші, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, құрылыс сияқты көптеген жұмысшы мамандықтарының қолға алынып жатқаны ерекше атап өтілді. Мамандар бұл салалардың болашағы зор, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндірді.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіптік білім алудың артықшылықтары туралы толық мағлұмат алды.
Кездесу соңында түлектер колледждер жайлы толық ақпарат алу үшін арнайы таратылған ақпараттық парақшалар мен байланыс нөмірлерін иеленді. Бұл кездесу болашақ түлектердің дұрыс таңдау жасауына ықпал етіп, олардың кәсіби бағыт - бағдарын айқындауға көмектесетіні анық.
Осындай маңызды кездесулер жастардың саналы түрде мамандық таңдауына және олардың болашаққа деген сенімін арттыруға зор ықпал етеді.