Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасында, 6-наурыз күні кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Кітап-сарқылмас рухани қазына» дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру,оқырмандарды қызықты кітаптар арқылы кітапханаға тарту мақсатында «Біз оқитын 10 кітап» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында жеребе арқылы бірлестік жетекшілер арасында оқылатын әдеби кітаптар тізімі анықталды, осы кітаптарды талдау жұмысы 14-наурыз күні жалғасын табады. Қорытынды сөзді мектеп директоры Сариев Нұржан Тасмұратұлына беріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.