Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2024 жылдың 18 қаңтар күні 9 - сынып оқушылары және кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекова аудандық балалар кітапханасына саяхат жасады.
Мақсатымыз: оқушыларды кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті - кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Техниканың дамыған заманында жастар арасында кітапқа деген қызығушылық төмендеп кетті. Сол үшін жастарды телефонға тәуелді болмай, түрлі әдеби кітаптарды оқуға , білім нәрімен сусындап, белгілі бір маман иесі болуға тәрбиелеу. Саяхат барысында балалар бөлімінің кітапханашысы Жадыра Аманқызы оқушыларды ең бірінші кітапхана, абонемент,оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар беріп өтті."Кітап - білім бұлағы.Кітап - білімнің қайнар көзі" екені барынша түсіндірілді. Оқушылар кітапханашы апайды еліміздің тарихы туралы, ұлы тұлғалары және поэзия әлемі, көркем шығармалар туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Сонымен қатар оқушыларға келушілердің тіркелу орнын, кітапханаға оқырман құжатын көрсетіп қана өтуге болатынын ұғындырды.Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тағылымды жауаптар алды.