Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 12 желтоқсан күні 11 - сынып оқушыларының ата - аналарымен жиналыс өткізілді. Ата - аналар мен оқушыларға "Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2024" ерекшеліктері мен өзгерістері туралы ҚР ҒЖБМ "Ұлттық тестілеу орталығы"РМКҚ - ның Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы филиалдың сарапшысы Ергешов Серікбек Әуелбекұлы мәлімет беріп, жаңалықтармен бөлісіп, ата - аналар мен оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқу ісінің орынбасары Л.Оңалбаева "Мемлекеттік емтиханға" қойылатын талаптарды, ондағы жауапкершілік жөнінде түсіндірді. Мектеп психологы Л. Қалиева бейіндік және кәсіптік бағдарлау іс-жоспарына сәйкес ата - аналардан сауалнама алып, тренингтер өткізді. Мақсаты: Ата - аналардың балаларының мамандық таңдауындағы рөлі. Арнайы келген маманға ата-аналар, оқушылар ҰБТ жөніндегі сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Оның ішінде, мамандық таңдаудағы жинайтын шектік балл, ауылдық немесе түрлі санаттарға берілетін квоталар, тест тапсыруға тіркелу, байқау тесттерін тапсыру сынды түрлі сауалдар қойылды. Алдағы уақытта ҰБТ тапсыруға дайындықты күшейтіп, ата - ана, оқушы, ұстаздармен бірлесіп жұмыла жұмыс жасалады деген ниеттеміз. Арнайы келген маман Ергешов Серік Әуелбекұлына жұмысына толайым табыстар тілейміз.