Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16-қазан күні күз туралы оқушылардың дүниетанымын арттыру, күзгі табиғат сұлулығын сезіне білу, ауыл диханының тынымсыз еңбегінің жемісін дәріптеу, күз-береке, мереке айы екендігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2025» байқауы ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары сахнада әртістікпен ерекшеленетін шығармашылық нөмірлерді ұсынуда үлкен жауапкершілік танытып, қабілеттерін көрсете білді.
Нәтижесінде жүзден жүйрік озған Бас жүлдені 8 «А» сынып оқушылары Н. Асылбек пен А.Сапар иеленді.
І орын 8«Ә» сынып оқушылары Г. Шүкір мен Д. Ұлашбай 10 “А” сынып оқушылары Ә. Жамантай мен Е. Жолдасбек иеленді.
ІІ орын 8 «Б» сынып оқушылары И. Асылбек пен А. Есіркеп 8 «В» сынып оқушылары С. Причин мен А.Қасымжан өзара бөлісті.
ІІІ Орын 9 «Ә» сынып оқушылары М.Әлімхан мен С.Молдазым, 10«Ә» сынып оқушылары Р. Ескермес пен Ж. Дәулетбай, 9 “Б” сынып оқушылары В. Кухлинский мен М. Пилял жинаған ұпайлары тең түсіп, өзара бөлісті. “Жұлдызды жұп” номинациясын 9 ”А” сыныбы иеленді .
Барлық оқушылар Алғыс марапаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Шәкірттерін дайындап, барын салған сынып жетекшілер мен ата-аналарына алғыс білдіреміз.