Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 13-қазан Алтын күздің сәтті күнінде күзгі табиғат сұлулығын сезіне білу, ауыл диханының тынымсыз еңбегінің жемісін дәріптеу, күз-береке, мереке айы екендігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2023» байқауы ұйымдастырылды.Барлық сыныптар сахнада әртістікпен ерекшеленетін шығармашылық нөмірлерді ұсынуда үлкен жауапкершілік танытып, қабілеттерін көрсете білді.

Нәтижесінде жүзден жүйрік озған Бас жүлдені 9 «А» сынып оқушылары Каримхан Аяулым мен Байтенов Бексұлтан иеленді.

І Орын 10 «А» сынып оқушылары Алмеш Жансая мен Артықбай Нұрдәулет

ІІ Орын 10 «Ә» сынып оқушылары Әлжан Әлина мен Амандық Дияс 9 «В» сынып оқушылары Орман Жанерке мен Кирсанов Алексей өзара бөлісті.

ІІІ Орын 9 «Ә» сынып оқушылары Тілеуберген Ажар мен Самердин Сұлтан, 8 «А» сынып оқушылары Айтбай Аружан мен Сауқымбек Бауыржан, 8 «В» сынып оқушылары Аристова Снежана мен Сивков Владислав жинаған ұпайлары тең түсіп, өзара бөлісті.

Барлық оқушылар Алғыс марапаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Шәкірттерін дайындап, барын салған сынып жетекшілер мен ата-аналарына Алғыс білдіреміз.