Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде кәсіби бағдар беру педагогының жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушыларына «Қызығушылық пен бейімділікті анықтау» сауалнамасы жүргізілді.Мақсаты:Оқушылардың болашақ мамандықтарға деген қызығушылығын, бейімділігін анықтап, кәсіби бағдар беру жұмысына негіз қалау.Сауалнама нәтижесі бойынша:Бірқатар оқушылар техникалық және шығармашылық мамандықтарға (инженер, дизайнер, суретші) қызығушылық танытты;Кейбіреулері гуманитарлық және әлеуметтік салаларды (мұғалім, дәрігер, тәрбиеші) таңдады;Балалардың логикалық ойлау, қарым-қатынас жасау және өнерге деген бейімділігі айқындалды.Бұл сауалнама – оқушылардың қабілетін ерте жастан танып, болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыттайтын алғашқы қадамдардың бірі. Мектептің басты міндеттерінің бірі – әрбір оқушының кәсіби дамуына дұрыс бағыт-бағдар беру.