Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында " Қылмысқа тәртіпсіздікке жол жоқ " тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Әкелер кеңесінің төрағасы Таңсықбай Сахов, АІІБ полиция капитаны мектеп инспекторы Дүйсенов Марат қатысты. Күн тәртібінде 1. Жол қауіпсіздігі, жалпы қауіпсіздік туралы, тәртіп ережелері, мәселелері (экстремизм, тероризм, темекі, есірткі) 2.Діни жат ағымдар, зиянды заттар, мектепке әкелуге тыйым салынатын заттарды әкелмеу. 3.Әлімжеттікке, төбелеске жол бермеу. Мақсаты кәмілетке толмағандар арасындағы қылмыстық өсуіне жол бермеу. Сахов Таңсықбай әкелер кеңесінің төрағасы сөз алды. Оқушыларға алдымен тәрбие тал бесіктен басталатынын, Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін айта келе өз Отанын қорғайтын, туған елін, жерін қорғайтын азамат болуға шақырды. Мектеп инспекторы Марат Дүйсенов жол ережелерін, көлік, самокат айдауға кәмілет жасына толмаған жасөспірімдерге болмайтынын, жанғыш заттарды, зиянды (электронды темекі, есірткі) заттарды қолдануға қатаң тиым салынатынын және түнгі мезгілде, ойынханада жүруге болмайтынын ескертті. Экстремизм, терроризм туралы бейне ролик көрсетілді. ДТЖЖО А.Байқоңырова жиналысты қортындылап келген қонақтарға рахметін айтты. Педагог-психолог Н.Халмуратова оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы бейнеролик көрсетті