Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХҮІІІ республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен озып шыққан 3«А» сынып оқушысы Рысбек Гулжайна Талғатқызы олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі 3-орынды иеленді.

Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және білімге деген сүйіспеншіліктің жеңісі. Оқушының жетістігіне ұстазы Жұманазарова Гульнар Тожибаевнаның кәсіби біліктілігі мен ерекше қамқорлығы зор әсер етті. Ұстаздың еңбекқорлығы мен сүйіспеншілігі арқасында оқушы осындай биік белестерге жетті.

Мектеп басшысы Сариев Нуржан Тасмуратович бұл жетістікті үлкен қуанышпен қабылдап, жеңісті оқушы мен ұстаздың ортақ жеңісі деп атап өтті. Барлық ұжымның бірігіп жұмыс жасауы осындай нәтижеге алып келді.

Бұл жеңіс біздің барлық оқушыларымызға үлкен шабыт береді. Алда талай жаңа жетістіктер мен жоғары белестерді бағындыратынымызға сеніміміз мол.