Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөлімініне қарасты «Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1«А» сынып оқушысы Жаңбырбай Айсұлтан Ералыұлы 2025 жылдың 2 наурыз күні Түркістан облысында Фараб әмбебап ғылым кітапханасында өткен, қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық көркемсөз, мәнерлеп оқу байқауында өз өнерін көрсетіп, І дәрежелі дипломға ие болып, елордамыз Астана қаласында және Ташкент қаласында өтетін халықаралық көркемсөз байқауына жолдама жеңіп алды. Мектеп директоры Сариев Нуржан Тасмуратович 4 наурыз күні халықаралық көркемсөз, мәнерлеп оқу жеңімпазын қабылдап, құттықтады. Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Айдарова Женіскул Сәтбековна да өз құттықтауын білдірді.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Ұстаздың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Ұстаз – жастардың болашағын айқындайды, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Құрметті Ескараева Сулухан Еркебайқызы! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын! Халықаралық
«Абай» әлемі фестиваль-форумында үздік шәкірттер даярлау мақсатында шеберлік-тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз.
Алғыс хат марапатыңыз құтты болсын!