Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай-Аджман қаласында Армрестлингтен 29.04 - 03. 05. 2023ж. күндері аралығында XXI Азия чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Азия құрлығының түкпір-түкппірінен кіл мықты қол күрес шеберлері жиналған болатын. Аталған сайысқа Қазақстан ұлттық құрама сапында, жасөспірімдер қатарында мектебіміздің мақташы, 9 "Ә" сынып оқушысы Сансызбай Ерасыл қатысып қайтты.
Дубай-Аджман қаласында өткен Азия құрлығы чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, Күмістен алқа тақты.
Жеңіс тұғырынан көрінген шәкіртімізді құттықтай келе, алдағы бұданда үлкен байрақты бәсекелерде көк туымызды көкке көтереді деп сенім білдіріп, алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!