Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 17 наурыз күні

"Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекесін атап өтті. Аудан имамы Асанов Марат Рахматуллаұлын, ауыл биі Сахов Таңсықбай, ата - аналар комитетінің төрағасы Назарбеков Оразбай ағаларымызды қонаққа шақырып, ыстық ықыласпен батасын алды.

Мерекені көркемсөзбен көпшіліктің көңілін тапқан ұстаздарымыз Қалшораев Бердияр мен Митанова Мадина жүргізді.

Сынып оқушылары мектеп ауласында "Қыдыр ата", "Абай", "Ыбырай", "Бірлік", "Ынтымақ", "Бейбітшілік" ауылдары болып бірлесіп отырды.

Жүргізушілердің алғы сөзінен кейін мектеп директоры Е. Акбердиев - "Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!" -деп ақ тілегін білдірді.

Аудан имамы М.Асанов, ауыл биі Т.Сахов, ата - аналар комитетінің төрағасы О. Назарбеков ағаларымыз да ақ батасын беріп, құран бағыштады.

"Қыдыр ата" ауылы Наурыз жыл басы деп көрініс көрсетсе, "Ынтымақ" ауылы тұсау кесер ұйымдастырды. Сондай - ақ қойылымның мән - мағынасына тоқталып, салт - дәстүрлерімізді көрініс арқылы дәріптеді.

Өнерлі оқушыларымыз ән салып, би билеп мерекенің шырайын кіргізе түсті.

Спорттық шаралардан сайыс ұйымдастырылып, әр ауылдан арқан тартысқа, қол күреске шығып, ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті.

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлаған мектеп ұжымы ұлылардың ұлылығын ұлықтап, қазақи салт - дәстүрімізді осылай жаңғыртты. Келген қонақтарымыз ризашылығын білдірді.

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.