Түркістан облысы, Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы аудандық "Қош келдің, әз Наурыз!" атты іс-шара барысында қазақтың салт - дәстүрлеріміздің бірі, құрметті адамға, сыйлы қонаққа, жақын-жуыққа немесе жырақта жүрген үй-ішінің бір мүшесіне арнайы сақталған тиесілі кәделі мүше ұсынылатын дәстүр – "сыбаға". Яғни, халқымыздың бір-бірін сыйлағанын білдіретін дәстүрлерінің бірі. Жиын-тойға келе алмай қалған қадірлі қонақтарына, жақын туыстарына немесе соғым сойғанда арнайы жақындарына бөлінген мүшелерді "Сыбаға" деп аталатынын насихаттап көрсетті. Келген қонақтар бата беріп, ризашылықтарын білдірді.