Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 8 Наурыз - Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында, 5-наурыз күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Көктем аруы-2025» шығармашылық-интеллектуалды сайысы өтті. Мақсаты рухани-адамгершілікке, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Барлық сынып оқушылары сахнада әртістікпен ерекшеленетін шығармашылық нөмірлерді ұсынуда үлкен жауапкершілік танытып, қабілеттерін көрсете білді.
Сайысымыз үш кезеңді қамтыды:
1. «Мен арумын, ата-анам аялаған!» Өзін-өзі таныстыру
2. «Білімім көркіме жарасқан» сұрақ-жауап кезеңі.
3. «Өнерім қайталанбас бір әлем!» өз өнерін көрсету кезеңдерінен тұрды.
Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен І орынды 9 «А» сынып оқушысы Д.Төлбасы, ІІ орынды 10 «А» сынып оқушысы А.Каримхан, ІІІ орынды 8 «А» сынып оқушысы П. Орынбасар иеленді.
Жүзден жүйрік озған «Бас жүлдені» 9 «Ә» сынып оқушысы Дәулетбай Жансұлу иеленіп, аудандық байқауға жолдама алды.
Байқауға қатысқан барлық оқушылар Алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Шәкірттерін дайындап, барын салған сынып жетекшілер мен ата-аналарына алғыс білдіреміз.