Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет
Білім алушылардың қауіпсіздігі - басты назарда!
Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 - қараша күні аудандық полиция бастығының орынбасары Н. Ашимов пен мектеп инспекторы полиция капитаны К.Жанықұловтың қатысуымен 8 - 11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі және құқықтары, сонымен қатар нашақорлық пен маскүнемдіктің зардаптары туралы айтылып, жасөспірімдердің түнде ата - ананың рұқсатынсыз жүруі және жаман әдеттерден бойын алыс ұстауы айтылды. Н.Ашимов өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі барысында орын алған оқиғалар мен мысалдар келтіре отырып, қылмыс жасаған жағдайда қандай себеп пен салдарға әкеліп соқтыратынын және 14 жастан бастап қылмыстық, ал 16 жастан бастап әкімшілік жауапкершілік туындайтынын ескертіп түсіндірді.