Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара қаласы Б Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Бердибекова мен кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекованың жұмыс жоспарына сәйкес 13.12.2024 жылы 11 сынып оқушыларымен "Қазіргі замандағы жаңа мамандықтар атласы" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: 11 - сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жаңа мамандықтар туралы ақпарат беру және болашақ мамандық таңдауында көмек көрсету.
Іс - шарада оқушыларға еңбек нарығындағы өзгерістер мен заманауи мамандықтардың маңыздылығы туралы айтылды. Бүгінгі таңда технологиялық прогресс, жасанды интеллект, робототехника, және экология сияқты салалардың дамуына байланысты жаңа мамандықтардың пайда болғаны атап өтілді.
"Қазіргі замандағы жаңа мамандықтар атласы" бойынша шолу жасалды.
Атласта көрсетілген негізгі мамандықтар: киберқауіпсіздік маманы, деректер аналитигі, жасанды интеллект инженері, биоинженер, экологиялық урбанист, және тағы басқа.
Әр мамандықтың сипаттамасы, қажетті дағдылар мен білімдер, болашағы туралы мәлімет берілді.
Заманауи мамандықтардың сұраныс деңгейі.
Цифрландыру мен автоматтандырудың еңбек нарығына әсері.
Университеттер мен колледждердегі жаңа мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндіктері туралы ақпараттармен таныстырылды.
Оқушылар топтарға бөлініп, өздерін қызықтырған мамандықтарды талқылап, кәсіби жоспар құру бойынша тапсырмалар орындады.
Іс - шара соңында оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда ескеру қажет негізгі факторлар, яғни жеке қызығушылықтары, қабілеттері мен еңбек нарығындағы сұраныс ұсынылды.
Іс - шара оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін бағыт - бағдар берді. Сонымен қатар, оқушылар жаңа салалар мен олардың болашағы туралы нақты ақпарат алды.