Қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық», «Асық ату» Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында , Сәуір «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы шеңберінде Қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық» және «Асық ату» тақырыбында «Өнегелі 15 минут» күн сайынғы іс-шарасы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Серікбаеваның ұйымдастыруымен өтті.
Бұл ойындардың балалардың ой-өрісін, жылдамдығын, дәлдігін және болжам жасау қабілетін арттыратыны белгілі. Көшпелі өмірде мұндай ойындар тек уақыт өткізудің амалы ғана емес, ғаламдық ойдың қалыптасуына алғашқы қадамдардың бірі болған. Асық ату ойыны – қойдың асықтарын пайдаланып, балалардың көздеу, дәлдік және қашықтықты межелеу қабілетін дамытуға арналған ерекше ойын. Балалар бұл ойын арқылы мергендік қасиеттерін ғана емес, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін де шыңдайды. Бұл ойындардың тағы бір артықшылығы – әр баланың дара тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен үлес қосуында.
Қазақтың ұлттық ойындары ұлдар мен қыздардың арасындағы еркін қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Бұл ойындар арқылы халқымыздың жерді қорғау, елді қорғау және адамгершілік ұғымдарын бала бойына сіңіруді мақсат еткенін көреміз. Қазақ философиясы бойынша, ойын – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі.