Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында 2023 жылдың 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 7 қаңтар аралығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс – шара жоспары құрылып бекітіліп, жоспар бойынша бүгін жаңа жылдық мейрам күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіздік негіздері» пиротехникалық құралдар пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша алдын – алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді.