Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Қауіпсіз балалық шақ”жобасы аясында Шардара АПБ-нің учаскелік полиция капитаны М.Бердалиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ділдабек,ТЖМ Түркістан облысы ТЖД ММ ЖҚЖ Шардара құтқару бөлімшесінің құтқарушылары- А.Даниленко , А.Файзулла, Т.Мауленова және Шардара ауданы ТЖБ-нің қызметкері, аға лейтенант Е.Пернебай білім алушыларға қыс мезгіліндегі су айдындарында және мұз үстінде қауіпсіз жүріп-тұру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша ашық сабақ және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға қауіпті жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар LED экран арқылы қысқа метражды бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздік ережелері көрнекі түрде таныстырылды.
Мұндай профилактикалық сабақтар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.