Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында 8-сынып оқушыларымен профилактикалық жиналыс өткізілді. Іс-шараға мектеп инспекторы М. Бердалиев пен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Н. Ділдабек қатысып, оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, сондай-ақ интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі, тәртіп сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.