Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Қауіпсіз балалық шақ” республикалық жобасы аясында 9- сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесуді мектеп директоры ашып, оқушыларға қауіпсіздік ережелері, мектептегі тәртіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу және мерекелік кештерге ата-аналармен бірге бару, және түнгі 22-00 ден кейін көшеге шығуға болмайтындығын түсіндіріп айтты. Мектеп испекторы К.Жанықұлов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік талаптары туралы кеңінен түсіндірме берді.
Мектеп психологы: Л. Қалиева "Бақытты балалық шақ" атты тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Әр оқушының өзін еркін, сенімді сезінуіне мүмкіндік жасау.