Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Қауіпсіз балалық шақ” республикалық жобасы аясында 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.Жиналыста мектеп испекторы К.Жанықұлов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік талаптары туралы кеңінен түсіндірме берді.
Мектеп директоры Н.Сариев шара барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері, мектептегі тәртіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету жолдарын мысалдармен түсіндірді.
Шараның мақсаты — әр оқушының өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау және мектепте қолайлы орта қалыптастыру.