Түркістан облысы,Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Өзін-өзі"басқару ұйымының оқушыларымен мектеп тәлімгері Ә.Махмут "Біртұтас тәрбие "бағдарламасы аясында 1 Қазан Қарттар күні мерекесіне орай, Баранова Надежда Ивановнаның үйіне арнайы барып, үй ауласын тазалауға көмек беріп алғысын алып қайттық . Бұл ерекше күнде қарттарымызға жылы лебіздерімізді білдіріп, олардың өмір жолындағы еңбектерін ескеріп, алғысымызды жеткіздік.
Қарттарымыздың күлімдеген жүздері мен ақжарқын пейілдері бізге үлкен рухани серпін берді. Қарттар күні - олардың өмірін тағы бір мәрте қадірлеп, оларға деген құрметімізді көрсететін тамаша мүмкіндік.
Біз әрқашан қарттарымызды құрметтеп, олардан алар өнеге мен тағылымды естен шығармауға тиіспіз.