Шардара ауданының білім бөлімінің «Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1. Мектептің кітапханашы лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік;
Жұмыс уақыты: сағат 09:00 – 18:00, түскі үзіліс 13:00 - 14:00
Лауазымдық жалақысы:
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
min 90 000
max 100 000
1,0 штат бірлік тұрақты
Почталық мекен - жайы: Түркістан облысы, Шардара қаласы.
Ө.Тугелбаев көшесі № 3А
Анықтама телефоны: 8 (725) - 35- 2-19-03
Электрондық адрес: Shardara - sokpakbaev@ mail.ru
Лауазымдық міндеттері:
1. Еліміздің қоғамдық – экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын білімді де мәдениетті, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханасының жұмысын жүргізеді.
2. Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында көрсетілгендей, сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу үшін оқырмандар мен ұстаздарға көмек беруге барлық мүмкіндіктерді тудырады.
3. Қ.Р «Тіл» туралы заңын басшылыққа ала отырып, кітапхана оқырмандарына әдебиеттер мен әдістемелік құралдарды ұсына отырып, қазақ тілінде мәдениетті де мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелейді.
4. Қ.Р «Білім туралы» заңының баптарына, стандарттарына, негізгі принциптеріне сүйене отырып, оқу тәрбие ісіне қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
5. Оқырмандарды кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу, өз бетінше білім алуға жәрдем беру, жүйелі түрде оқу барысын қалыптастыру, шығармашылықпен түйіндеу, қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
6. Оқушылардың әдеби кітаптарға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
7. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін көтеруге көмектеседі.
8. Оқулықтардың қорын көбейтуге ықпал жасайды.
9. Әдеби байқаулар өткізеді.
10. Оқушылармен, мұғалімдермен конференциялар, семинарлар, т.б өткізуге, көрмелер ұйымдастырады:
11. Мектеп қорындағы кітаптардың сақталуына жағдай жасайды;
12. Материалдық финансқа жауапты;
13. Әдістемелік бұрыштар ұйымдастырады;
14. Әр сынып бойынша оқулықпен қамтамасыз етеді;
15. Мектептің газет - журналдарға жазылуын қадағалайды;
16. Мұғалімдердің баспасөзге жазылуына ықпалын тигізеді;
17. Финанстық – қаражатты құжаттарды дұрыс жүргізеді;
18. Заңға қайшы финанстық – қаражаттарға сәйкес жүргізген уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі;
19. Оқулықтардың сақталуын бақылау.
Білуге тиіс
20. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, және өзге де нормативтік құқықтық актілер;
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика кітапханашы (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы - орта) (қазақ тілі мен әдебиеті) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
«02» 02.2024 – «07» 02.2024ж
Қажетті құжаттар:ᅠ
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Мамандық бойынша тестілеуден өткені туралы сертификат.
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
Соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама
9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
12) педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
· Сұхбаттасу күні
«8»02.2024ж
Сұхбаттасу орны:
Шардара қаласы, Ө.Тугелбаев көшесі № 3А ғимарат
Анықтама алу үшін байланыс:
8 (725)-35 - 2-19-03