Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Данияров Асылханның қатысуымен тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру, жат діни ағымдардың алдын алу және қоғамдағы тұрақтылықты насихаттау.
Кездесу барысында теолог маман дін мен дәстүрдің сабақтастығы, толеранттылық, сыйластық, қоғамдағы бейбітшілік тақырыптарында мазмұнды ақпарат беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынды. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Аталған іс-шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.