Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2026 ж 20 қаңтар күні «Мамандармен кездесу» өтті.Іс-шараға Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы- Дүйсенәлі Оналбеков,адами және көлік ресурстарын автоматтандырылған есепке алу және мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің бастығы- Абуов Шерхан Қайратұлы, әскери дайындық инспекторы, АӘТД ұйымдастырушысы Н. Балғаев және ДТЖЖО- Н.Ділдабек қатысты.Кездесудің басты мақсаты: 10-11 сынып оқушыларын әскери академиялармен таныстыру, оқуға түсу тәртібі мен талаптарын түсіндіру, болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беру,жас ұрпаққа әскери қызметтің артықшылықтары, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын көрсету. Кездесу барысында оқушылар мамандарға сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша толық ақпараттар алды.Сонымен қатар мамандар оқушыларға әскери оқу орындарында оқу барысында кездесетін мүмкіндіктер мен талаптарды, болашақ мамандыққа дайындығын жан- жақты түсіндірді. Іс-шара соңында оқушылар алған білімдерін болашақта қолдануға өз мамандығын саналы таңдауға және елге қызмет етуге деген ынтасын арттырды.