«Зорлық-зомбылықсыз өмір»
Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 10-желтоқсан күні «Гендерлік зорлық –зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» акциясы жоспары аясында «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында педагог ұйымдастырушы З.Тилеубердиева дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: – Оқушыларға гендерлік зорлық деген не екенін түсіндіру;
– Қоғамдағы және отбасындағы зорлық-зомбылықтың зиянын ұғындыру;
– Балаларды өз құқықтарын қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу;
– Зорлық-зомбылықтың түрлерімен таныстыру;
– Құқықтық сауаттылығын арттыру, өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру;
Іс-шара барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның балаларға тигізетін зияны, гендерлік теңдік пен алдын алу жолдары және мектептегі қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттары талқыланды.
Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік мысалдар келтіріп, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде пікір алмасты. Оқушыларға өз құқықтарын қорғау, қиын жағдайда кімге жүгіну керектігі жөнінде мағлұмат берілді.
Қауіпсіз ережелерімен таныстырылды.
-Бейтаныс адаммен жеке қалмау, әлеуметтік желіге өз мәліметтеріңді жарияламау;
-Қауіпті жағдай болғанда «Жоқ!», «Тоқта!» деп батыл айтуға үйрену;
- Сенімді үлкен адамға (ата-ана, мұғалім, полиция) айту керек.
Дөңгелек үстел соңында оқушылар «Бақытты балалық шақ-зорлықсыз өмірден басталады!» деген ортақ ұстанымды қабылдап, бір-біріне құрмет көрсетудің маңызын атап өтті.