Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 11 - ақпан күні Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контигентінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ерлікке тағзым» атты іс - шара ұйымдастырылып өткізілді. Қажетсіз соғыстың қасіретінен қаза болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Салтанатты жиынды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасры А.Байқоңырова ашып, Отан үшін от кешкен ағалардың ерлік істеріне сәт сайын тағзым жасап, есімдері жадымызда жаңғыртып тұру азаматтық парыз екенін айтып, ардагерлерге мықты денсаулық тіледі. Іс - шараға 10216 - Е әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Болатбеков Айбар Айдынбекұлы. Ауған соғысының ардагерлері Дүйсалиев Серікбай, Сейтмұратов Бекболат ағаларымызағаларымыз арнайы шақыртумен қатысып, оқушылардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді, жастарға әскери борышты өтеудің маңыздылығы жайында өскелең ұрпаққа ақыл - кеңестерін айтты. Іс - шара барысында дарынды оқушыларымыз ардагерлерге арнап патриоттық әндер арнап, музыка пәні мұғалімінің жетекшілігімен «Туған ел» әнін хор ұжымы, Б.Сұлтанхан «Ал қане сапқа тұр», Б.Мұхтар «От кешу», К.Аралбай «Азаттық жолы», А.Есенбек «Біз бақытты баламыз» Р.Ержігіт «Көк тудың желбірегені» әндерімен Э.Алексеевна мен А. Қазбекқызының оқушылары би билеп жақсы көңіл күй сыйлады. Ардагерлермен естелік суретке түсіп, алғысымызды білдірдік. Педагог - ұйымдастырушы З.Тилеубердиева.