Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 9 - ақпан күні Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контигентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» атты іс - шара ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты жиынды мектеп директоры Е.Акбердиев ашып, Отан үшін от кешкен ағалардың ерлік істеріне сәт сайын тағзым жасап, есімдері жадымызда жаңғыртып тұру азаматтық парыз екенін айтып, ардагерлерге мықты денсаулық тіледі.
Қажетсіз соғыстың қасіретінен қаза болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға Ауған соғысы ардагері, отставкадағы майор Қ.Сәтбаев , Ауған соғысы ардагерлерінің жанынан ашылған әскери патриоттық клубының жетекшісі А.Шералиев, Ауған соғысы ардагері, Ташкентте өткен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Республикалық форумының» делегаты А.Қалжанов . Еңбек ардагері Ж. Шайманов, Арнасай шекара бөлімшесінің бастығының орынбасары аға лейтенант Н. Абылай ағаларымыз келіп, оқушылардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді, жастарға әскери борышты өтеудің маңыздылығы жайында өскелең ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтты.
Іс - шара барысында үздік оқушыларымызды еліміздің нағыз патриоты, еңбекқор білімге құштар, қайсар етіп тәрбиелеуде Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі болды. Іс - шара барысында дарынды оқушыларымыз ардагерлерге арнап патриоттық әндер айтып, би билеп жақсы көңіл күй сыйлады.