Ерекше балаларға – ерекше көңіл
Жаңа жыл қарсаңында Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының м.а. Н.М. Жарилкапов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д. Медеубеков, педагог-психологпен бірге мектептің ерекше білім беруді қажет ететін, үйде білім алатын оқушыларына арнайы барып, жаңа жылдық сыйлықтар табыстап қайтты.
Бұл игі іс – балалардың жүрегіне жылулық сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат етті. Қамқорлық пен мейірімге толы осындай сәттер әр баланың жүзінен қуаныш көрініс табуына себеп болды.