Түркестан облысы, Шардара қаласы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 10.04.2023 -14.04.2023ж. аралығында өтетін ағылшын тілі пәні бірлестігі апталығы ашылды. Апталықтың тақырыбы «English language is a world language». Оқушылардың ағылшын пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында 6 «В» сынып оқушылары «Alone» әнін орындады, 4 сынып оқушылары Флешмоб биін биледі. Бірлестік жетекшісі Л. Нұрымбетова апталықта өтілетін ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс шараларға белсене қатысуға оқушыларды шақырды