Түркістан облысы,Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Ұстаздар күні мерекесіне орай тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "ДУБЛЕР КҮНІ" өткізілді.
Осы мақсатта жүргізілген айтулы шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін "МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ" мүшелері атқарды. Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.
Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын қызыққа толы күн болды.