Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Балаларды зорлық - зомбылықтан, аутодеструктивті мінез - құлықтын алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың қаңтардан 17 - сі мен 17 ақпан аралығында «ДосболLIKE» акциясының іс - шарасы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жоспарға сай өткізілді.
15 қаңтар 25 қаңтар аралығында жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез - құлықын анықтау бойынша 5 - 11 сынып оқушыларынан «Үй, адам, ағаш» әдістемесі алынды. Сонымен қатар «Менің отбасым», «Менің досым» және «Менің арманым» тақырыптарында эссе жазды, сауалнама алынды.
Қаңтар айының 29 жұлдызы күні «Буллинг және оған қарсы тұру» тақырыбында мектептің педагог-психологтары Ләйлә Калиева, Нургул Халмуратова оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын және тренинг жүргізді.
Ақпан айының 7 жұлдызы күні «БП менің мінезім-менің тағдырыма жауапты деп есептейді» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен ҚББМ Ақмарал Жумабекова топтық пікірсайыс өткізді.
Ақпан айының 5 жұлдызы күні Интермент желісіндегі кері әсер ететін сайттар туралы және кибербуллингтін алдын алу бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпан айының 13 жұлдызы күні «Кибербуллинг, буллингке жол жоқ!» тақырыбында мектептің педагог - психологтары Ләйлә Калиева, Нургул Халмуратова оқушыларға тренинг жүргізді.
Қазақ халқы «Доссыз өмір - тұл», « Доссыз өмір - тұссыз ас» - деп тегін айтпаған. Адам ес біліп, етек жайғаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне біздің оқушыларымыз осы акция барысында бір - біріне деген ынтымақтастық, мейірімділіктері артып нығайып, достыққа деген құрметтері артты. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал, шынайы қарым - қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем екенін терең түсініп,Достықты бағалай білуді үйренді. Акцияның жабылуында оқушылар өздерінің достық туралы ойларын осылайша жан-жақты жеткізе білді.