“ДіНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАН”
Діни экстремизм және терроризм профилактикасы шараларын жетілдіру, аталған көріністерді анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру, сондай - ақ экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шаралары жүйесін жетілдірумен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жалпы мектеп ұжымы чатында және мектепішілік ата - аналар чатында келеңсіз оқиғалардың алдын - алуды негізге ала отырып түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілді. Аталған шара барысында кері байланыстар жүргізіліп, қойылған сұрақтарға түсініктер берілді.