Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде, 2022-2023 оқу жылында сәуір айының 24-28 күндері аралығында бастауыш сыныптардың апталығы өтті. Мектеп алды даярлықтың орыс тобының жетекшісі Алтынбекова Изюль Курманбековна математика сабағынан "Полезные продукты. Решаю примеры и задачи" атты тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде өтті.Сабақ барысында топ екіге бөлінген, түрлі тапсырмалар орындалды. Оқушылар 7 санын қосу мен алуды өте жақсы меңгерген. Окушылар "Дүкенге саяхат" әдісінде зиянды және зиянсыз заттарды алып, заттардың зиянды немесе зиянсыз екенін түсіндірді. Бағалау әдісінде тапсырмаларды дұрыс шешкен оқушыларымызға құрт салынған сандықшадан алып беріп отырды. Оқушылар сабаққа өте белсене қатыстып, сабақ көңілді өтті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің зейіні арта берсін деп тілейміз.