29.01.2024ж.Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ - де балаларды зорлық - зомбылықтан, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл - ауқатын қамтамасыз етудің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 17 қаңтардан 17 ақпанға дейінгі аралықта «ДосболLIKE» акциясының іс - шара жоспары аясында 8 - сынып оқушыларымен "Буллинг және оған қарсы тұру" тақырыбында педагог - психолог Лайла Калиева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Буллинг немесе кибербулинг видеоролигі көрсетілді. Оқушылар көрсетілген видеоролик жайлы өз ойларын ашық жеткізе білді.
Шара барысында “Буллинг» сөзінің мағынасын ашып,зияны жете түсіндірілді.
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайлардың жат әдеттер екеніне назар аударылды.
Тренинг барысында оқушылар «Досым сыйлаған көңіл - күй», жаттығуын жасады. Буллинг және кибербуллинг туралы сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындады.Құндылықтарға бағытталған тренинг балалардың болашағына оң әсерін тигізері хақ.Ал педагог - психолог Нургул Халмуратованың өткізген “Дос және достық" тақырыбындағы тренингінің мақсаты оқушылар арасында достық орнату болды. Тренинг барысында оқушылар бір - бірінің жақсы жақтарын атап өтті. Жат әрекеттерден аулақ болуға бағытталған тренинг балалардың болашағының жарқын болуына бағытталған.