Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 13-желтоқсан күні 11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. ҰБТ - дің жаңалықтары мен ерекшеліктері жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жиналысқа Жетісай қаласында орналасқан тест орталығының директоры Сейтова Газиза Алайдаровна ZOOM платформасы арқылы байланыс жасап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҰБТ - ға қатысу үшін қандай құжат керек?
16 жасқа толған талапкерлер
Тек жеке куәлік (немесе паспорт) арқылы тестілеуге кіргізіледі.
Жеке куәліктің электронды нұсқасын EGOV, KASPI.KZ және HALYK қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
16 жасқа толмаған талапкерлер
Туу туралы куәлік,
Көлемі 3х4 түрлі түсті фотосы бар мектептен анықтама (бекітілген форма бойынша) ұсыну қажет.
Маңызды: Талапкер өзімен бірге қалам алып келеді, ал жұмыс үшін шимай парақтары тестілеу орнында беріледі. Смартфон, ұялы телефон алып кіруге тиым салынады. Құрылғымен ұсталған жағдайда жұмысы жойылады.
Жиналыс барысында мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Х.Оналбаева оқушылардың тапсырған тест қорытындысы жайлы айтып өтті. Сондай - ақ, ҰБТ - дің басты өзгерістері оқушыларға жан - жақты таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қаңтар ҰБТ - да сәттілік жас түлек!