Түркістан облысы Шардара қаласы Б Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 22.10.2024 ж 11 сынып оқушыларын Түркістан облысының білім басқармасының 14.10.2024 ж. №25/5949 санды хатына сәйкес, Алматы қаласында орналасқан "Мұхаметжан Тынышбаев атындағы FLT университетінің білім бағдарламаларымен таныстырып, болашақ мамандықтарды саналы түрде таңдауына бағыттау мақсатында ақпараттық шаралар өткізілді. Мектепте осы мақсатта арнайы ақпараттық бұрыш ұйымдастырылып, онда FLT университеті туралы мәліметтер, оқу бағдарламалары, мамандықтар және ЖОО - ға түсу шарттары туралы толық ақпарат орналастырылды. Сонымен қатар, кәсіби бағыт - бағдар беру кездесулері өткізіліп, оқушыларға мамандық таңдаудағы маңызды аспектілер, оқу үрдісінің ерекшеліктері, болашақ мансап мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұл шаралар оқушыларға жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларымен жақынырақ танысып, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында өткізілді.