Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттау, жасөспірімдердің Отанға, елге деген патриоттық сезімін арттыру, талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу. Өнерпаз шәкірттерді баулыған ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 7 - ақпан күні «Біздің бірлігіміз - болашақтың білімінде!» тақырыбында дәстүрлі өнер фестивалі болып өтті. Фестивальді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Л.Оңалбаева ашып, өнерлі оқушыларға сәттілік тіледі. Фестивальге аудандық оқушылар үйінің директоры С.Жиенбаева, аудандық балалар саз мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Умирбекова, аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педогогы А.Абдраманова бастаған әділ қазылар алқасы төрелік етті. Фестиваль тақырыпқа сай барлық жанр бойынша (хор, көркемсөз оқу, ән, би, күй, көрініс т.б) жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өтті. Әділ қазылар алқасының төрайымы С.Зәбиқызы барлық жанр тақырыпқа сай ерекше әндер қамтылғанын жоғарғы дәреже ұйымдастырылғанын айтып, оқушылардың өнерлеріне шығармашылық табыстар тіледі. Бағдарламаның тізгінін бітіруші түлектеріміз Алмеш Жансая мен Досмұхаммед Мәди қолға алып, керемет жүргізіп шықты. Талантты оқушыларымыз әннен шашу шашып, би - билеп ерекше көңіл - күй сыйлады. Ұлағатты ұстаздар! Сіздердің шәкіттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы еңбектеріңіз жана берсін! Қолдау білдіріп отырған ата - аналарымызға алғысымызды білдіреміз!