Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімдері Е. Тұрсынбаев пен М.Түршекованың ұйымдастыруымен, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Біз қамқоршы баламыз - құстарға ұя саламыз" тақырыбында құстарға ұя орнату іс - шарасы болып өтті.Ұстаздарымыз жас буындарға ұя жасауға, оларды іліп құстарға қамқорлық жасауға үйретті. Құстарға қамқорлық жасау акциясына 5 - 7 сынып оқушылары белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты - оқушылардың табиғатты сүюге, аң құстарды сақтауға, қамқорлық көрсете білуге үйрету.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беріп отырсақ ұрпағымыздың дені сау, болашағымыз мықты болары хақ.