Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы, ата - аналар!
Қазіргі өңірлердегі су басу қаупі барлығымызды алаңдатып отыр.
Бұл жағдайды мемлекет басшысы өзі басты назарда, жіті бақылауда ұстап отыр. Мемлекет судан зардап шеккендерге мейілінше қолдау көрсетуде. Судан төнген қауіптің алдын алу үшін қарқынды шаралар жасалуда.
Неше күннен бері суға кеткен елді мекендерді көріп жүрегіміз ауырды. Біреудің атасынан келе жатқан қара шаңырағы құлап, қаңырап бос қалды. Әрине өте қайғылы, жүректі қан жылатады. Дегенмен мемлекет, қоғам, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер бірігіп зардап шеккендерге көмек қолын созуда.
Осы қиын сәтте мемлекет үшін бастысы – адам өмірі мен қауіпсіздігі екенін көрсетуде. Әрине айтуға, жазуға жеңіл болар. Бірақ осы сәтте сабыр сақтап, қайратты болу, бірлігімізді сақтау бәрінен маңызды.
Мемлекет басшысының халықпен сын сағатта бірге екені күш - қуат береді. Сын сәт барлығымыздың бірге екенімізді, күшіміз бірлікте екенін де сездірді.
Барлық дүниенің орны толар, ең бастысы басымыз аман болсын. Халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын және рухтың беріктігін сақтау маңызды.
БІРЛІК, ЫНТЫМАҚ бәрінен құнды.
КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!
Мектеп директоры: Е.Акбердиев