Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Бүгін мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тарих және география апталығының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім ордасының рухани өміріне ерекше серпін берді. Биылғы апталықтың негізгі тақырыбы – «Кемел тарих – келешекке жетелейді».
Шараға ұстаздар қауымы, оқушылар және қонақтар қатысып, апталықтың мазмұны мен мақсаттары таныстырылды. Салтанатты жиынды тарих пәнінің бірлестік жетекшісі Н.Қосаева кіріспе сөзбен ашып, тарих және географияның қоғам үшін, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.
Апталықтың ашылуында мектеп басшысы Н. Тасмұратұлы және ауданнан келген қонақтарымызда ойынға қатысып іс - шарамыздың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Оқушылар тарихи тұлғалар туралы ой толғап, жеріміздің географиялық ерекшеліктерін таныстырып, түрлі ойындарда жасырылған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Салтанатты ашылу қорытындысында мектеп әкімшілігі апталықтың табысты өтуіне тілек білдіріп, барлық қатысушыларды белсенді болуға шақырды.