Жалпы білім беру ұйымдарында педагогтерін, шеберлік пен шығармашылық әлеуетті барынша іске асыру, Тәрбие жұмысының тиімді идеяларын, әдістерін, технологияларын анықтау, танымал ету және тарату, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату мақсатында Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» 2024 жылдың 22 - қараша күні ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар» фестивалі Республикалық конкурстың облыстық кезеңі байқауынан бастауыш сынып мұғалімі, 3 - сынып жетекшісі Жуманазарова Гульнар Тожибаевна қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, кәсіби шеберлігін көрсетіп жүлделі І орын иеленіп Республикаға жолдама алды.
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі - деп, қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, білім ордасының басшысы Ақбердиев Еркінәлі Дүйсенбайұлы әріптесімізді жеңісімен құттықтап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегіңізге табыс, шығармашылық жетістіктер және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуыңызды тілейміз деп алғысын білдірді.
Әріптесімізге мықты денсаулық, отбасына бақ - береке және шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз.
Марапатыңыз құтты болсын!