Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі көктемгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы орайда, 2025 жылдың 26 наурызынан 28 наурызына дейін жоспарланған іс-шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың білім мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Алғашқы іс-шара, 26 наурыз күні, мектебіміздің үйірме жетекшісі А. Ахметова өткізген «Бөлме гүлдерін күтіп баптау» практикалық сабағы болды. Сабақ барысында оқушылар бөлме гүлдерін отырғызып, оларға қалай күтім жасау қажеттігін үйренді. Бұл сабақ оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау мен жауапкершілік сезімін дамытуға зор мүмкіндік берді. 27 наурыз күні дене шынықтыру үйірме жетекшісі Е. Акбаровтың жетекшілігімен «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында «Футболдан» жарыс сабағы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері арасында үстел теннисінен спорттық секция жарыстары өткізілді. Мұндай шаралар мектептегі спорттық мәдениетті қалыптастырып, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтты. 28 наурыз күні психология пәні мұғалімдері Р. Усупбаева мен Г. Еркинбаева мұғалімдер арасында «Психологиялық тренинг» өткізді. Тренингтің мақсаты — мұғалімдер мен оқушылардың психологиялық тұрғыдан дамуына ықпал ету, сондай-ақ бос уақытты тиімді пайдалануды үйрету және еңбекқорлыққа баулу.

Бұл іс-шаралар мектеп ұжымының ұйытқы болуымен оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және өзара түсіністікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әрбір іс-шара оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды болашақта жауапты азаматтар болуға тәрбиеледі деген сенімдеміз.