Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында «Ақжүніс» қыздар ұйымының төрайымы Демеуова Сандуғаш Жүгінісқызының жетекшілігімен ұлттық нақыштарды дәріптеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2023 - 2024 оқу жылының кешенді жоспарына сәйкес, ақпараттық дайджест өткізілді.
«Ақпараттық дайджест» ережесіне сәйкес Reels (қысқа бейне ролик) «Бұрымды қыз» челенджі – қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін дәріптеді.«Қыздың көркі шаш, шаштың көркі шаштеңге» - демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі әрбір қыз балаға тән имандылық, ұяңдық, биязылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет қөрсетуі ұлттың ұяты, халықтың шырайы екенін көрсете білді.