Тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау, танымал ету және тарату; «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату мақсатында Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 қараша күні өткізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тәрбие ісінің үздіктері» байқауында Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі, 5-сынып жетекшісі Еркинова Гулнур Талбидиновна «Бас жүлде» иегері атанып, облыстық байқауға жолдама алды.
Сондай-ақ «Педагогикалық идеялар» фестиваль байқауынан «Бас жүлде» иеленген бастауыш сынып мұғалімі, 3-сынып жетекшісі Жуманазарова Гульнар Тожибаевна 22-қараша күні өтетін облыстық байқауға қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, кәсіби шеберлігін көрсетеді деген сеніміміз мол.
Әріптестерімізге сәттілік тілейміз.